өттің қызғылт-сары түсті пигменті. Гемоглобиннің ыдырау өнімдерінен түзіледі. Бауырда ол глюкурон қышқылымен қосылып, өт құрамында ішекке бөлінеді. Ішек микроорганизмдері билирубинді стеркобилиноген мен уробилиногенге айналдырады. Бұл заттар нəжіс құрамында бөлінеді. Олардың қанға сіңген бөлігі зəрмен шығарылады немесе қайтадан бауырға түсіп, қайта тотығады да, уробилин мен стеркобилинге айналады.