lat: Bıler soty
тар. Дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан билік институты, ежелгі құықтық реттеу пішімдерінің бір түрі.
Билер сотының шешіміне разылық білдірген талапкер мен жауапкердің арасында дау-дамай бітіп, келісім орнағандығының белгісі ретінде ала жіп кесу рәсімі жасалған (ҚҰЭ).
Билер соты қарайтын іс емес бұл, округтік приказ шешеді, шешіп те болды, Үмбетейлерге от көрсеттіңдер (Ж.Молдағалиев, Самал).
Билер сотының басты қызметтік міндеті - жаза тағайындау не залалдың материалдық өтемін қайтару емес, әділеттіліктің салтанат құруына көмектесу (ҚҰЭ).