(binary opposition). Деконструктивті талдау философияның иерархиялық тәртіп жүйесін қалай құрайтынын зерттейді. Сөз болып отырған иерархиялық тәртіпте белгілі бір термин аксиомалық, түпкі әрі нормативтік мәртебеге ие. Ал онымен байланысты және оған жиі қарсы қойылатын терминдер бағынышты және туынды мәртебеге ие болады. Мысалы, «бар болу» – идеализм үшін шындықтың өлшемі. Ақиқат идеялар тіршілік иесі секілді ақыл-ойымызда толыққанды және бүтіндей өмір сүреді. Тәртіптің бұл түрі сыртқы көрініс сияқты көрінетін әрі «бар болу» нормасына қайшы келетін «жоқ болу» секілді қасиеттерді, яғни интервал, терминдер арасындағы артикуляция, жазу сияқты сапаны сипаттайтын терминдердің бағынышты және негативті мәртебе иеленуіне әкеп соқтырады.