полиграфияда әртүсті бояулар бір-біріне қосылып (бірінің үстіне бірі жағылып: сары, қызғылт, көгілдір, қара) толық түс шығарғанда триадалық бояуларды қолданады. Триадалық бояу қолданылып шыққан алдыңғы екі түсті өнімдегі түс - бинарлы түс деп аталады. Бинар түстеріне жасыл, қызыл, көк түстер жатады. Мысалы, сары және көк түстер әртүрлі шамада қосылғанда жасыл түстің әртүрлі реңдегі ерекше сипаттары шыға береді.