БИОХИМИЯ

lat: Bıohımıa

[грек. bios - өмір, chimia - заттектер туралы ғылым] зат.хим. Жанды заттар мен өсімдіктер ағзасындағы тұрақты химиялық зат алмасу процестерін зерттейтін ғылым саласы.

Биохимия - өмірдің мәнін танудың ең сенімді әдісі және өмірдің қалай пайда болғанын ұғынудың әдісі (А.Қасымжанов, Диалект. заңдары).

Биохимия саласындағы зерттеулерді негізінен молекулалық биология және биохимия ғылыми-зерттеу институты үйлестіріп отырады (ҚҰЭ).