БИОМАССА

lat: Bıomassa

[грек. bios- өмір+масса] зат. Әртүрлі ағзалардың (популяция, бірлестіктер) тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы.

Қорек тізбегін құратын барлық түрлері жасыл өсімдік түзетін биомассалар есебінен тіршілік етеді (Жалпы биология).

Биомасса - нақты ауданға (суқойманың беті немесе түбі) немесе көлемге (су қабаты, түзілімдер қимасы) тән тірі организмдердің өзіндік үлес салмағын көрсететін мөлшер (Қаз. тілі термин. Экология).

Өсімдіктер биомассасы олармен қоректенуші жануарлар биомассасынан едәуір артық болады (Қаз. тілі термин. Биология).