Биосфералық қорық

lat: Bıosferalyq qoryq

биол. Жер шарындағы ерекше табиғат байлықтары бар ауқымды аймақтарды қорғау мақсатында ұйымдастырылатын қорықтар.

Биосфералық қорықтардың негізгі міндеті - сол аймақтағы табиғи экожүйені және сондағы организмдердің көптүрлілігін сақтап қалу, зерттеу жұмыстарын жүргізу, табиғатта болып жатқан өзгерістерге бақылау жасау (Қаз. тілі термин. Биология).

Биосфералық қорықтар құру ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасына сәйкес 1973 жылдан бастап жүргізіліп келеді (Қаз. тілі термин. Биология).

Қазіргі кезде дүние жүзінің 82 мемлекетінде 320-дан астам биосфералық қорықтар ұйымдастырылған (1998) (Қаз. тілі термин. Биология).