lat: Bıosferanyń lastanýy
биол. Адам іс- әрекетінің нәтижесінде биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық қосылыстардың пайда болуы, температураның көтерілуінен ауа райының өзгеруі.
Биосфераның ластануының негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика, транспорт т.б.) тез қарқынмен дамуы, ауылшаруашылығы мен күнделікті тұрмыста химиялық жетістіктерді кеңінен пайдалану, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардың өсуі) (ҚҰЭ).
Биосфераның ластануының тағы бір қауіпті де қатерлі көзі - қоршаған ортада радиоактивті қалдықтардың жинақталуы және АЭС апаттары (ҚҰЭ).