БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ

lat: Bıotehnologıalyq

сын.биол. Биотехнологияға тән, биотехнологияға қатысты.

Биотехнологиялық әдістерді пайдалана отырып, ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен сапасы жоғары сорттарын, асыл тұқымды малдардың түрлерін, пайдалы микроорганизмдердің штамдарын тез және тиімді жасап шығаруға болады (Қаз. тілі термин. Биология). Биотехнологиялық жолмен биологиялық белсенділігі жоғары заттар, витаминдер, дәрілік, дәмдік, хош иісті өнімдер немесе сол өнімдердің құрамына енетін алуан түрлі қосылыстар алуға болады (Қаз. тілі термин. Биология).

Биотехнологиялық жолмен табиғатта сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан құнды түрлерді сақтап, жылдам көбейту мәселелері шешіледі (Қаз. тілі термин. Биология).