БАУ

lat: BAÝ

з а т. 1. Киімнің немесе тағы басқа тұрмыстық заттардың әртүрлi материалдан жасалған баулығы, жіп.


Көне заманда шалдар (ерлер) киетін етек-жеңі кең көйлекті жейде деп те атаған. Жейденің жағасына жүннен немесе шудадан баутағады.Мұқанов, Қазақ қауымы).

Күдеріден бау тағып,

Ақкіреуке киер ме екемiз!

Жағасы алтын, жеңі жез,

Шығыршығы торғай көз,

Сауыт киер ме екемiз! (Aқтамбердi жырауарыұлы] // Алдаспан).

Бiр жiпке ұзынды-қысқалы бiрнеше жіпті салбыратып тағып, соңғыларға бірнеше домалақ доп (салмақты) байлап, содан кейін доптың бірін тексеріп қарасак, біраздан соң  бауының ұзындығы бірдей доптардың шайқалғанын көреміз.Аймауытов, Шығ.).

Жақымнан қалпағының жиегін қызылмен көмкертіп, сумкасының бауын түрлі тусті шүберекпен қаптатып тастапты.Оразалин, Көктем.).

2. э т н. Киіз үйдің сүйегін бiр-бiрiмен ұстастыру, сыртқы киіздерін бастырып тұру мақсатында қолданылатын басты жабдықтарының бiрiне жататын басқұр жiбiнiң жиынтық атауы . Дарияның астында - алпыс ақ отау, Ақ отаулар алтын уық, жібек бау. Отау сайын судай сұлу толқын шаш, Толқын тербеп: «Әлди, әлди» - дейді бау (М.Жұмабаев, Шығ.).

Босағасын борлатқан,

Керегесін торлатқан,

Тегеріші манаттан,

Жібектен ызып бау таққан

Уйге де кірер ме екенсің?улат Бабатайұлы, Замана.).

3. Қармақтың сапқа байлаған ұзын ызба жiбi. Қармақтың бауы неғұрлым жіңішке болса, балықтың қабуы да соғұрлым жақсы болады.Күленов, Қазақст. балық.).

Асанды шақырып:

- Сен шегіртке тере бер, - деді де, өзі манағы қылды есіп қармаққа бау істеп байлап, талдан кесіп сап істеді..Алтынсарин, Таңд. шығ.).

Едіге қармақтың ұзын бауын жазып, ыңғайлап алды да, кетпектей батырма тас пен жемді бірге ұстап, тура иірімнің ортасына лақтырды.Мағауин, Көк кептер).

4. Металдан жасалған берік арқан немесе шынжыр . Сүйретілген бөрене әрлі-берлі аунағанда үгіршіктің бауы шиыршық атып қолайсыз жағдай тудырмас ушін үгіршікке міндетті түрде айналсоқ бекітіледі («Білім және еңбек»).

Жебе құрып қойыпты

Жүретұғын жолынан.

Мойнында салған бауы бар,

Шығыршығы қоладан.

Отқа күйген ажары,

Қалың шыққан шешектейердері Әбубәкір, Қазағым).

5. с ө й л. т е х. Ток өтпеу үшін оқшаулағышпен қапталған электрондық сым.

Әңгімеге Гүлжан ұйып, мән беріп,

Телефонның бауын босқа болды өріп;

Ұйықтамаған көздерін де сүртеді,

Кірпіктерін тұрғандай-ақ сол көріп (Х.Ерғалиев, Ауыл қызы).

Телеграмма қабылдағыштың бауын

 Үрімшіге жалғап алып, тыңдап отыр.

Бірақ оған керек хабар әлі басталған жоқ.Тілеков, Жоңғар.).

6. а у ы с. өте жіңішке талшық.

Мұндайда шаштың ұшынан түбіне дейін, жіпке тізілген моншақтай құрт түйіндерін көруге болады. Кейде әлгі құрт түйіндерінің баулары бір-біріне шырмалады, оларды ажырату қиынға соғады.Бердібаев, Таз-тақиядан.).

7. а у ы с. Бұғау, құрсау .

Талқан кылып тап жауын,

Бырт-бырт үзіп құл бауын

Жыртып діннің шырмауын,

Морт сындырып құрсауын (Қ.Аманжолов, Шығ.).