БАУЛЫ

lat: BAÝLY

е т. 1. Тәрбиелеу, тарту, баурау .

Мәпелеп баулып бар елдің Тәрбиесін беріп тұр! амбыл, Шығ.).

Тәрбие-тұлғаны қалыптастыратын, оны қоғамдық өмірге бейімдейтін, мәдениетке баулитын мақсатты бағыт. Дәлірек айтқанда аталмыш процесс адамды әлеуметтендіреді («Жұлдыз»). Ер жағы қара басынан баскаға қарамай жүргенде, балаларын баулып, асырап, үйлік ұйымының басын құраған - әйел (М.Әуезов, Шығ.).

Ерлігі елдікке, отансүйгіштікке баулитын баһадүр бабаларымыздың батырлығы дәріптелуі, есімі қайта жаңғыруы, ескерткіш орнатылуы, аруағына ас берілуі де дұрыс емес дейміз бе («Жас Алаш»).

2. Қандай да бiр кәсіпке, өнерге т.б. машықтандыру, үйрету, дағдыландыру. Сүйімбай құр бата беруші ғана емес, жас ақынды баулып, үйретуші ұстаз.Ысмайылов, Ақындар).

Мәмбет өзін ұсталық ісіне баулып жүрген Михайлов қасына келгенде ұстазы алдындағы шәкірт сияқты болады.Жансүгіров, Шығ.).

3. Қандай да бiр дағдыға, біліктілікке немесе әрекетке икемдеу, бейімдеу, үйрету, жаттықтыру . Әсіресе, романдар оқушыға тіл де үйретеді. Өз тілінде кенелуі ой тартып, көрікті, шешен, шебер сөйлеуге баулиды (М.Әуезов, Шығ.).

Химия үйірмесінде приборлар мен коллекциялы таблицалар жасауға да баулып отырдық («Қазақст. мұғ.).

Барлық музыкалық мектептер, жоғары оқу орындары жастарды ен шырқаудың классикалық, еуропалық мәнеріне баулыды («Жас Алаш»).

4. с а я т. Түз қырандарын қолға ұстап, бабына келтiру, аң ұстауға машықтандыру, үйрету.

Жанарын-ай!

Жанары тамаша екен,

Жарқ етіп бір тағы да қараса екен.

Қыран баулып өсірген бала бүркіт,

Қандай ғана қазақтың баласы екен,

Тағы да бір жалт етіп қараса екен! (М.Мақатаев, Шығ.).

Тек әуелі қыранды қолға үйретіп, түлкіге, қоянға тіпті бәлкім, қасқырға түсетін етіп баулып алу керек («Лен. жас».).

Ителгіні де лашын сияқты қолға үйретіпп баулып, аңшылар жабайы дала аңдарына салады (Б.Муханов,.. Қазақст. өсімдік.).