lat: BAÝYR
з а т. 1 . а н а т. Омыртқасыз жануарларда асқорыту және қоректі сіңіру процестеріне де қатысатын, адам мен жан-жануарлардың ең үлкен асқорыту безі, ағза мүшесі. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себеі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлетін затқа ұқсас секрет шығарады (ҚҰЭ).
Бауыр жасушаларында майды қорытуға қатысатын өт түзіліп, өт өзегі арқылы ащішекке құйылады (Қаз. тілі термин. Биология).
Бауырдағы зат алмасу әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүреді. (ҚҰЭ).
2. м е д. Адамның ағзасындағы асқорыту, қан түзу, зат алмасу және т.б. өмірлік маңызды физиологиялық, биохимиялық процестерге қатысатын ішкі мүшесі .
Адам жазыла бастағандабауыр мен көкбауырдың іскені қайтады, кейде сол қалпында қалады (А.Дайыров, Хирург.).
Бауыр - адам денесіндегі ең үлкен без. Ол құрсақтың оң жақ үстіңгі бөлігінде жатады (Адам анатом.).
Бауыр адам өмірінде зор роль атқарады. Оның клеткалары үлпілдек, өте нәзік келеді (Е.Оразақов, Дәрігер.).
3 . Жан-жануардың дене тұрқының бауыр орналасқан ішкі жағы, қолтық тұсы . Мұның сырты қара-қоңырлау да, бауыры мен шап тұсы қызғылт-жирендеу. Бүйірі шабдарлау еді (М.Әуезов, Шығ.).
Жарқ еткен бауыры аппақ екен, әр жерде бір сарғыш тартқан қабыршығын теңбілдетіп бір көрсетіп қалды да, лезде ғайып болды (С.Сматаев, Ақжелең).
Бірақ Шоқан көзін тартқан үскене емес, сол жақ босағада тұғырда отырған сары бауыр, балақ жүні үкінің жүніндей үлпілдек, басында күмістеген томағасы бар, қоңыр бүркіт еді (С.Бақбергенов, Қоянкөз.).
Жүйткіп жосылған бөкендердің бауырларында ши аяқ лақтары да қалыспайды (М.Әуезов, Таңд.).
4 . Адамның құшағы .
Алтынайдың қайратына таң қалғандай рет бар: ағасының бауырында көп тұрған да жоқ, ағыл-тегіл жылаған да жоқ, тез серпіліп ауылының амандығын сұрағыштап кетті (Ғ.Сланов, Асау арна).
5 . а у ы с. Таулы, жоталы, дөңді жерлердің сырт жағына қарама-қарсы ой жағы, баурайы, етегі.
Балабай аулы Сарыадырдың Темірқазық жағына, бауырға, көкөзекке қонды. Балабай аулының сенімді бір кісісіндей болдым (С.Сейфуллин, Тар жол.).
Ұлан бауырда бес қаруы беліндегі қара нөпір қалың әскер қаптай шоғырласты (Ә.Кекілбаев, Үркер).
Қырқа бар Алатаудың бауырында,
Сонда жатыр жолдасының, бауырың да.
Апыр-ай, келем бе деп тағы мұнда,
Жөнелер қаның тасып тамырыңда (М.Мақатаев, Шығ.).
6 . а у ы с. Көлдің, өзеннің шұрайлы жағалауы, жағасы .
Тұранның теңіз көлдері бар,
Шалқыған шексіз Теңіз,
Арал. Бір шетте қасиетті Ыстықкөлдің
Бауырында дүние көрген түрік көкжал (М.Жұмабаев, Шығ.).
7 . т а м а қ. Малдың тамаққа пайдаланылатын ішкі мүшесі .
Өт қабында тасы бар адамдар жұмыртқа, бауыр , ми, колбаса, семіз балық, қой еті, консерві жемеуге тиіс (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.).
Бауырдың құрамында 70-73% су, 2-4% май, 17-18% белок, оның ішінде ауыстырылмайтын түрлері бар (Қаз. тілі термин. Тамақ.).
Бауырды алдымен өтінен ажыратады, содан соң жуып, кесіп, 2-3 сағат суын ағынды суда ұстайды.
Бауырдан көптеген тағам түрлерін дайындайды (Қаз.тілі термин. Тамақ.).
Қой сойылғанда бастабаққа қойдың басы, жамбасы, асықты жілігі, сүбесі, белдемесі, бір білем құйрық пен бауыр салынады (С.Мұқанов, Қазақ қауымы).
8 . а у ы с. Жүзік, білезік, қамшы сияқты заттардың ішкі жағы, бауырдағы .
Еркектерге арналатын қамшының сабына темірден бауыр салып, қайыс таспамен немесе жезбен орап тастайтын (Х.Арғынбаев, Қаз. ер-тұрман.).
9 . а у ы с. Мәшине, трактор, комбайн, танк сияқты техникалық құралдардың астыңғы, жерге тиер жағы . Алып машина жалтыраған болат бауырымен балқып жүзіп келе жатқандай (З.Иманбаев, Кең аймақ).
Алқапты дереу бауырына,
жиыра тартып жылжыды алып.
Даланың жалпақ сауырында
Барады бұйра толқындар қалқып (Ә.Сәрсенбаев, Миллиард).
КВ танкі бар екпінмен артына бауырынан кесек бұрқыратып, ілгері қарай зымырап барады (Б.Момышұлы, Москва.).