lat: BAÝYRLA
ү с т. 1. Етпетінен жерге жатып, шынтақтап, тізерлеп жылжу.
Тар қуыс та бауырлай жылжумен біз Ботпай аталатын қуысқа да жеттік-ау! (С.Мұқанов, Шығ.).
Құйындай ұйтқып үйіріліп,
Бауырлай жылжып, жиырылып,
Ысқырып улы жыландай,
Іргелі Отан еліме,
Қордалы кенді жеріме,
Жау ұмтылды жалаңдай (Н.Баймұратов, Ер Төлеген).
2. Етпетінен, бауырын ішіне алып жату. Біз төселген көк шөптің үстіне бауырлап жаттық (Қ.Әбдіқадыров, Әңгім.).
3. Құстың жерге жақындап, төмендеп ұшуы. Лашын жерге жақындап барып бауырлай ұшқанда, аққан жұлдыздан кем зымырамайды (С.Мұқанов, Шығ.).
4. Атты бауырды ала қамшылау, осып жіберу.
Рүстем қолды даттап ызаланды,
Бауырлап көк бурылды осып қалды.
Жете алса жон асырмай килігуге
Көш өткен өткелге әкеп қолды салды (І.Жансүгіров, Шығ.).
Сәлім атын бауырлап қамшы басты,
Ұмтыла кеп жауына араласты (Қ.Жұмалиев, Қырдағы.).
Ол атын бауырлап-бауырлап жіберіп, жол үстінде жайбарақат кетіп бара жатқан үш жолаушының сол жағындағы бұжыр бет жігітке қамшысын үйіріп төніп келді (Т.Дәуренбеков, Біз. кездес.).
Сөйтіп, қашып бара жатқан штабқа қарсы аттарын бауырлап үш адам шауып келеді (С.Шарипов, Шығ.).
5. Тауды, қырды, дөңді бөктерлей жүру, етектей өту.
Оң жақтағы орман шетінен тағы бір қара жол дөңді бауырлай дей айқайлаған,
Бай қайда байғүстарды малша айдаған.
Ауылдың құтты қоныс, әсем тауы,
Бауырлап тракторлар, жер жайнаған (І.Жансүгіров, Шығ.).
6. Қарға, суға, батпаққа т.б. белінен жоғары бату.
Ұзаған сайын аты бауырлап жаяу борасынға сүңгіп шығады (Т.Ахтанов, Боран).
Күн батып, қас қарайған сайын жолды көлденеңдей бауырлап жылжыған қар қоюланып барады (Қ.Исабаев, Жұмбақ үй).
7. а у ы с. Атқымдау, жуықтау.
Өзі отызды бауырлап қалды, бірақ әлі ерге шыққан жоқ (І.Есенберлин, Алтын құс).