БАУЫРЫМ

lat: BAÝYRYM

з а т. 1. Жасы кіші ер адамды өзiмciнiп, жақын тұту нышанымен айтылатын атауыш.


Нияз, бауырым, мына өлеңің нашар екен, - деп ауыр үкiмдi айта салатын (Т.Ахтанов, Боран).

Тым жеңіл айтып отырсың,бауырым, - дедi сабырлы сөйлеп.

- Мәселе тек жұмыс істеп, жан бағуда ғана тұр ма екен? (Қ. Жұмаділов, Қаздар.).

Жоқ, жоқ, бауырым,- деп интендант ылғалды көзi жаутаңдап мүләйiмси күлген болды (Ә. Сәрсенбаев, Офицер.).

Ұран салып, шабуылда болмадым,

Сұрамай-ақ қой, б а у ыр ы м, ол жағын.

«Алгадеген ағам даусы,

ұйқымнан Шошытқанда, шын шайқасты болжадым (Н.Оразов, Қырандар.).

2. Ер адамның өзi шамалас немесе жасы кіші бейтаныс ер адамға айтылатын қаратпа атауыш. Бауырым, жол сілтеп жiбершi (Ауызекі).

Бауырым, бтал шылымың жоқ па? (Ауызекі).

3. Ағайын- туған, жақын-туысына, ел-жұртына қарата айтылатын атауыш. Абай «сорлы бауырым, жазықсыз бауырым » деп, зар шегер болса да, мынадай іші дұшпандықтан қатып қалган көн көңілді жандардың алдында оны тесе, адасқаны (М.Әуезов, Шығ.)

- О, туғаным алыстағыбауырым,

Жарым қалам жайлаудағы ауылым.

Айтыңдаршы, естерiңде бармын ба,

Әлде ұмыт боп белгісізде қалдым ба?

(Ә.Тәжiбаев, Жартас).

4. э т н. Қ айтыс болған адамға айтылатын атауыш мағынадағы жоқтау сөз.


Жұрт кісі өлгенде: «Бауырым,бауырым» - деп жылайды (М.Әуезов, Таңд. шығ.).

Ас берген үйге бiрден бауырым, бауырым-ай  деп шапқан бойымызбен келіп түстік(«Айқап»).

Бауырым,бауырым! Ойбай, аулым! Елім, жұртым, - дауысымды естідің бе? (С.Сейфуллин, Өлеңд.).