БАҒА

lat: BAǴA

тауардың құны ақшамен белгіленуі, баға көлемі тауардың құнының деңгейіне және тауарға деген сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланысты. Экономикалық мақсатына және оны тағайындау мен қолданудың ерекшеліктеріне қарай баға көтерме, бөлшек сауда, сатып алу бағасы, ал әрекет ету мерзіміне қарай тұрақты, уақытша, және бір рет қолданылатын баға болып бөлінеді.