құн, баға. Қазақ тілінде «тауардың, қызметтің т.б. нәрселердің ақшаға шаққандағы құны» деген ұғымды білдіреді. Сондай-ақ «оқушы, студент т.б. білімін көрсету барысында қойылатын балдық көрсеткіш», «барлық нәрсенің парқы, құны», «қадір-қасиет» тәрізді ауыспалы мағыналарда да қолданылады. Қазақ фольклорлық шығармаларында «өте қымбат» деген ұғымда «ауыр бағалы, көп баға» тәрізді тіркестер де қолданылған.