акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар деп танылған мүлiктiк құқықтың өзге де объектiлерi; мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы; борыштық бағалы қағаздар – заем қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттiк бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады; туынды бағалы қағаздар – осы туынды бағалы қағаздардың базалық активiне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздарға опциондар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарлық қолхаттар, варранттар және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкiн.