БАҒЗЫ

lat: BAǴZY

кейбір, кейбіреу. Қазақ тілінде «бірсыпыра, қайсыбір, бұрынғы, баяғы» (бағзы заман, бағзы уақыт) ұғымында да қолданылады. Қазақ фольклорлық жырларында «кейбір кез» деген мағынаны білдіретін «бағзы хал», «түрлі-түрлі» деген ұғымдағы «бағзы-бағзы», «кейбіреуі» деген мағынаны білдіретін «бағзысы» сөздері кездеседі.