БАБА

lat: BABA

(пар. баба بابا)   

1. Әке.

2. Көпті көрген, көп жасаған қария.

Я болмаса, жан баба , Әкемнен хабар білдің ба? («Алпамыс батыр». Ақсауыт. І-том. 1977).

3. Ауысп. Арғы ата.

Мұның ұлық бабасы Мағрұф халил, Отқа салды оны ол Намруд жаһил («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Бабасының бұ сөзін естіген соң, Көңілі сонда шаттанды бек қабағат («Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).

Қайым қылып, заманын, Хандардың бұзған қамалын, Ұранға шыққан Ағатай, Бірге туған Есіркеп Аруақты бабасы («Исатай-Мақамбет». Дастандар, 1960).

Ата-баба арғы тек. « Ата-бабам , ер Әли, медет бер” деп, Қолға алып наркескенді атып тұрды («Қисса Зияда, Шаһмұрат». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Бізге мирас әзалдан, Ата-бабаң жол салған («Қисса Ләйлі Мәжнүн». Бабалар сөзі. 19-том. 2005. 100 томдық).

Далада мен жатамын сабыр әйлап, Бұл қылық ата-бабам қылмаған іс («Һаза кітап Мұхаммед-Ханафия». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).