БАЙЫЗ

lat: BAIYZ

(ар. байд بيض ) жұмыртқаАраб тілінде осы жұмыртқа сөзімен тіркесіп келетін билмакан байз (بيض بلمكان) деген тұрақты тіркес бар, беретін мағынасы орын табу, тұрақтау. Бұл сөз қазақ тілінде байыз таппау тұрақты тіркесі құрамында кездеседі. Байыз таппау (тура аударғанда жұмыртқа таппау) мазасыздану, тынышы кету, бір орнында отыра алмау.