lat: BAJ
(пар. баж باج) – алынатын салық.
Таж ләуләк болғанда, ғұмырың – таж, Тахусыңмен аласың хорлардан баж («Ан хазіретті мадақтағаны». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).
Ақ сақалды сегіз қырлы киген тәж, Бейнесі бар жер жүзінен алған баж («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
Қанша бажы тиісті болар екен, Сегіз жүз мың тіллам бар, санап келдім («Хикаят Сәлімжан». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).
Өз қолымнан берейін өзіңізге, Қанша бажы аласыз, айтсаң бізге («Хикаят Сәлімжан». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).
Бажы-хараж – салық төлемі. Халыққа жар шақыртып мағлұм етті, Жеті жыл бажы-хараж алынбасқа («Хикаят Тәжілмәлік». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).