балгерлік, сәуегейлік. Болжам жасаудың ерте заманнан бері келе жатқан түрі. Сәуегейлер түс жору және кітап, құмалақ, жұлдыз т.б. заттар арқылы балгерлік жасап, алдағы болатын жайттарды хабарлап отырған. Бал ашатын адамды «балшы», «балгер» деп атаған. Тілімізде жергілікті ерекшелік (диалект) ретіндегі «пал», «палшы», «пал ашу» формалары да бар. Қазақ фольклорлық жырларында «палбасы» (бал ашқаны үшін алатын ақша) сөзі кездеседі.