өмірдегі қиын ахуалда жүрген балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған іс-шаралардың кешенді жүйесі. Мұндай әлжуаз топтарға кедейшілікте өмір сүретін балалар; ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, ерекше мұқтаждықтары бар балалар және мүгедек балалар; босқын балалар; азшылыққа және байырға тұрғындарға жататын балалар; қарулы қақтығыс, зорлық құрбаны болған балалар, заңмен қақтығысушы балалар жатады. Бала құқықтарын қорғау тиімділігі халықаралық қағидаттар мен баланың ең ізгі мүдделеріне сәйкес келетін заңнамалық-нормативтік базаның; жеткілікті қаржыландыруды қамтамасыз етуші бала құқықтарын қорғаудың мемлекеттік бағдарламалардың, бала құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметіне жауап беретін және оны үйлестіруші біртұтас органның; балалар мен олардың отбасыларына кәсіптік профилактикалық және қалпына келтіру қызметін көрсететін укілетті қызметтердің, сондай-ақ балалардың жай-күйі мен олардың құқығын қорғаудың мемлекеттік жүйесі мен тәуелсіз мониторингтің болуына байланысты.