өмірдің қиын жағдайларында қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер және материалдық жәрдем беруді, әлеуметтік қалпына келтіруді жүзеге асырушы, еңбекке жарамды жасқа толғаннан соң олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін ұйымдар. Мұндай ұйымдар білім беру (қамқоршылық және қорғаншылық органдары), денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер органдарын, сондай-ақ олардың өкілетті қызметтерін қамтиды.