БАЛАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ КЕМСІТУШІЛІК

lat: BALALARǴA QATYSTY KEMSİTÝSHİLİK

балалардың тең құқықтарының болмауы. Кемсітушілік барлық қоғамда бар және бала өміріне жан-жақты ықпал етуі мүмкін. Кемсітушілік бала құқығынан айрылған кезде көрініс табады, жеке басының сипатына байланысты жергілікті қоғамдастық өмірінен алыстатылады немесе шеттетіледі. Теңсіз қарым-қатынас түрлі сипатта болады. Мүгедек, жетім, қараусыз қалған, АИТВ жұққан, не СПИД-пен ауырған, не денсаулығының басқа ақаулары болса, туған кезде тіркелмесе, ауылдық жерде тұрса, не жасөспірімдерге арналған сот төрелігі жүйесімен ісі болған бала кемiстушілігі нысаны болуы мүмкін.