баланың өмірге келуіне байланысты атқарылатын ғұрыптардың бірі. Дәстүрлі ортада қалжаға сойылған малдың мойын омыртқасын сындырып алмай, тұтастай жіпке тізіп босағаға іледі. Етпен бірге асылған мойын омыртқаны жиналған әйелдер тістерімен емес, қолмен етінен арылтып тазалап, тесігінен ши өткізіп, шидің екі ұшынан жіппен қосып байлап, кіре берістегі есіктің маңдайшасына немесе оң жақтағы керегенің басына іліп, «баланың мойны қатсын» деп ырымдайды. Осы омыртқа нәрестенің мойны қатқанға дейін тұрады.