БАЛЕТ

lat: BALET

мазмұны музыкалы би бейнесінде ашылатын сахна өнерінің түрі. Балеттің қайнар көзі халықтық биде. Еуропада ХVІ ғасырда қалыптаса бастады. Балеттік қойылымды қоюға сценарийші, композитор, балетмейстер, суретші және балет әртістері қатысады.