БАЛЫҚШЫ

lat: BALYQSHY

Балық аулауды кәсіп етуші. Мезолит дәуірінің басында солтүстікте аңшылыққа жаңаша кәсіптің бір түрі балықшылық қосылды. Бұл кәсіптің негізгі белгілері Маглемозе мәдениетінің (б.з.б. 6800-5000 ж.) ескерткіштерінен айқын көрінеді. Балық аулаудың алғашқы құралдары мөн тәсілдері өте қарапайым. Балықты тоғанға айдап себетпен т.б. сүзіп ұстайтын болған. Ірірек балықтарға найза, садақ сияқты аңшылық, жауынгерлік құралдар, сүйектен жасалған қармақ қолданылды. Мұндай құралдар кейін түрленіп молая түсті. Сөйтіп алғашқы қауым техникасы қазіргі балықшылық құралдарының түп негізін жасады деуге болады.