қылмыстық құқықта – тұрақты түрде әрекет етіп, азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасау мақсатын көздеген қаруланған топ. Бәрінен бұрын бірнеше өзіндік, бірақ ұсақ-түйектері әлі белгісіз қылмыстарды жасау үшін екеуден кем емес адамдардан тұрады. Сот тәжірибесінде, банда белгілі бір уақытқа есептеле отырып, бір адамның еркіне бағындырылып ұйымдастырылған адамдардан тұратын қылмыстық бірлік түрінде анықталады. Жалпы ерік болған кезде, олар біріккен мақсаттарды көздеп, өзара өздерін біртұтас одақ (тұтастық) ретінде сезінетін қатынастарда болады.