белгілі бір тұлға немесе мерекеге байланысты (мысалы, той немесе мерейтой) шақырылған түскі ас немесе кешкі ас. Негізі итальян сөзі banchetto орасан той, ерекше салтанатты тойларда сәкілерді түсті маталармен (салтанат мәні мен мағынасына қарай жасыл, қызыл, күлгін) жабу дәстүрінен туындаған. Сондықтан белгілі бір салтанаттың мәні тағамдардың ерекшелігімен емес, сыртқы аксессуарларға байланысты айқындалады. Осындай отырыстар, яғни берілетін тағамдарымен емес, ненің құрметіне жасалғанына байланысты отырыстар «банкет» деп аталып кеткен. Кейінгі ширек ғасырда бұл атаудың «зияпат» деген қазақша баламасы қолданылып жүр.