БАҚСЫ-БАЛГЕР

lat: BAQSY-BALGER

з а т. Әртүрлі тәсілдермен ем-дом жасаушы, болашағын болжаушы адам. Олар [ауылдағылар] негізінен ауылда- ғы бақсы-балгерлердің ақылымен өздерін өздері емдейді (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.). Орынбайдың айтуынша, қазақтың бақсы-балгерлері ел арасына өтірік сөз таратып, доқтырды құбыжық қылып көрсетіп жүрсе керек (М.Дулатов, Шығ.). Бүгінге дейін біздің қазақ ауруын ел ішіндегі бақсы-балгерлерге емдетіп, қожа-молдаларға үшкіртіп, қақтырып, соқтырып келді (М.Дулатов, Шығ.).