БАҚЫЛАУ

lat: BAQYLAÝ

Бiр заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi, ол мынадай: бiр тұлға басқа тұлғаның дауыс беретiн акцияларының елу процентiнен астамын дербес не бiр немесе бiрнеше тұлғамен бiрлесiп тiкелей немесе жанама иеленетiн не басқа заңды тұлғаның акцияларының елу процентiнен астамымен дербес дауыс беру мүмкiндiгi болатын; бiр заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесi немесе басқармасы құрамының кемiнде жартысын сайлау мүмкiндiгi болатын; бiр заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгi аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептiлiгiне қосылатын; бiр заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде көзделген жағдайларда өзгеше түрде басқа заңды тұлғаның шешiмдерiн айқындау мүмкiндiгi болатын жағдайлардың бiрi болған кезде туындайды;