мынадай шарттардың бірі: - бір тұлға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не басқа тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған; - бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болған; - Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан; - бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі.