БАҚЫЛАУ ЛОКУСЫ

lat: BAQYLAÝ LOKÝSY

адамның өзін, өз қылығын немесе айналадағылардың жүріс-тұрыстарының себептерін субъективті сипаттайтын түсінік. Ішкі бақылау локусы ол өз қылықтарының себептерін іздеуі, ал сыртқы бақылау локусы ол қылық себептерінің адамнан тыс оны қоршаған ортада локализациялануы. Бақылау локусы ұғымын енгізген американ психологі Ю.Роттер.