БАҚЫЛАУШЫЛАР

lat: BAQYLAÝSHYLAR

халықаралық мемлекетаралық ұйымдардың жұмысына, халықаралық мəслихаттарға т.б. форумдарға шекті түрде қатысуға жолданған мемлекеттік жəне халықаралық ұйымдардың өкілдері. Толық құқылы мүшелермен салыстырғанда олардың шешім қабылдауға, жұмыс органдарын құруға жəне солардың жұмысына қатысуға құқығы жоқ, бірақ бақылаушыларға талданып жатқан мəселелер жөнінде өз пікірлерін айтып, ұсыныстар жасауға мүмкіндік беріледі.