БАҚЫТ

lat: BAQYT

«бақ, ырыс, несібе», «тағдыр, жазмыш». Екінші мағынасы қазақ фольклорлық жырларында «опасыз бақыт» (қиын тағдыр, опасыз өмір) тіркесі арқылы берілген. Қазақ тілінде «өмірден өз орнын табу, мағыналы өмір сүру», «жақсылыққа жету», «зор қуаныш, шаттық» ұғымдарында да қолданылады. Қазақ фольклорлық жырларында бақытсыз адамды «бақыты қара», басындағы бақ деген ұғымды «бақыт тәжі», бақытынан айырылу дегенді «бақыты талақ болу», бақыттың белгісі дегенді «бақыт ахтары» тәрізді тіркестер арқылы беру де кездеседі.