lat: BAQYT
(ар. бахт بخت)
1. Бақыт, ба, ырыс, несібе.
Иә, Алла, құдіретіңе зар жылайын, Рузи қыл, иман, бақыт көп сұрайын («Қисса Жиһаншаһ Тамузшаһұғылы». Бабалар сөзі. 20-том. 2005. 100 томдық).
Бақытың сенің жар болып, әй, набікар, Халас болып құтылдың енді, – дейді («Хикаят дастан Хатымтай». Бабалар сөзі. 4-том. 2004. 100 томдық).
Бақыты қара – бақытсыз . Ғұншалықта хазан ұрған лаламын, Һешкім білмес бақыты неден қарамын («Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).
Мән білмеспін бақытым неден қарамын , Нәшім кәбі барша жисым жара дүр («Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).
Атама жүз мың матам салмаңыздар, Қорқыңдар, бақытын қара қылмаңыздар («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).
Бақыт тәжі – басындағы бақ. Өз басынан бақыт тәжі құласа, Көзге шұқыр халықтың бала-шағасы («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
Бақыты талақ болу – бақытынан айрылу. Шаһ Махмұт шаһаріне барып кірді, Бақытым болмаса деп бастан талақ («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).
Бақытымның ахтары – бақытымның белгісі (жұлдызы). Шықты бақытымның ахтары , Жазылды шаһтық дәптері («Бозұғлан, Ахметбек һәм Жүсіпбек». Бабалар сөзі. 47-том. 2008. 100 томдық).
2. Тағдыр, жазмыш.
Опасыз бақыт болды бұл өзі деп, Жәмшид бек қабағат қайғыланды («Қисса Жәмшид». Бабалар сөзі. 6-том. 2004. 100 томдық).