БАР

lat: BAR1 e s i m.

е с і м. Дүниедегі нәрсенің бәрін қамтитын, барлық, бүкіл, тұтас.

Әм сүйіндім, әм түңілдім,

Үнемі неткен үміт,

Өткен соң бар жақсы жылым (Абай, Тол. жин.).

Бақытыңа кез бопты долы қатын,

Мұны алған ер жанжалға молығатын,

Ұрысса бар адамды жеңбей қоймас,

Бір үй түгіл, бір ауыл торығатын (Шал ақын, Өлеңд.).

Жұтсам да, жүзе бердім, сусын қанбай,

Қысылды кейде жаным шошынғандай.

Арылып бар күнәдан асау жаным,

Тәңірінің дарғаһына бас ұрғандай (М.Жұмабаев, Шығ.).