[итал. barса barcarola] з а т. ө н е р. Венеция қайықшылары мен ескекшілерінің әні және осы сарынды әуен. Баркарола - қайықшының, ескекшінің әні итальян халқының көп тараған тұрмыстық әні (Музыка жанрлары). 18-ғасырдан бастап баркарола кәсібі музыка жанры қатарына қосылды, 19-ғасырда кейбір өзгерістерге ұшырады (ҚҰЭ). Ф.Шопеннің, П.И.Чайковскийдің, С.В.Рахманиновтың фортепьяно үшін жазған баркаролалары бар (ҚҰЭ).