қолдың бірінші саусағының аты. Ол көбінесе салыстырылатын заттың үлкен кішілігіне қарай өте кішкентай кейде үлкен деген мағыналарды білдіретін халықтық өлшем түрін де білдіреді. Бұл өлшеммен адам денесіндегі қалды, шыбын-шіркейді, ат кекілі астындағы кішкентай төбелін, кейбір әшекей бұйымдардың көлемін бейнелеп айтады. Бармақ басындай, бармақтай деп өте кішкентай, шағын көлемді айтады.