[грек. baros - ауырлық, metron - шама] з а т. ф и з. Ауа қысымын өлшейтін, күн райын болжайтын арнаулы аспап. Бұл тұрғыда оптикалық аспаптарға қоса маятникті сағатты, барометрді және термометрді айтуға болады (А.Көбесов, Математика.). Егер барометр төмен жылжыса, онда ауа райы құбылмалы, ал циклон антициклонға ауысса, онда атмосфераның қысымы көбейіп, ауа райы өте жақсы болады (Т.Омаров, Күн. құбылыс.). Қабырғаларға әртүрлі өсімдіктердің плакаттары, барометр, термометрлер ілінген (Ж.Тілеков, Қайнар).