қартайып, шау тартқан бүркіт атауы. Қазақ саятшылары жас бүркітті аққұс, сарықұс деп бөле атаған. Себебі, жас бүркіттің қанат құйрығының түп жүні ақала болып келеді де, жасы ұлғайған сайын қоңыр, не қарақоңыр түске еніп, содан әрбір түлеген сайын түстің қылаңдары мүлде азайып, шымқай қара түске ауысады. Бұл құстың Б. тартқан кезі болып саналады.