БАСУ

lat: BASÝ

Бас етістігінің қимыл атауы.

1.   Аттау, адымдау, жүру.

«Апа», «Мама» деген сөзге тіл келген күн,

Ауызға тозаң-топырақ, күл келген күн.

Сенделіп мас кісідей ырғаң-қиқаң,

Аттап аяқ б а с у ғ а әл келген күн.Жұмабаев, Шығ.).


2. Бiр нәрсенің үстін жабу.

Қораны қар баспау үшін, оның жел жағынан ағаш егу қолайлы болады .Ермеков, Қазақст. қой шаруаш.).

3. Тарту, жапсыру, қою, таңу.

Адамға шаншу қадалса, оған кендір тұқымынан жасалған ыстық б а с у ғ а болады.Сұбхандердин, Өсімдік -дәрі).

4. Күшпен жеңу, бағындыру, тойтару .

Перовский Исатайдың қозғалысын тездікпен басуға шара көздейді Әуелі кезде Исатайды ұстап алып, әскер сотқа бермекші болады.Аймауытов, Шығ.).

5. Бiр нәрсенің күшін, уытын қайтару, бәсеңдету .

Басу үшін арнаулы реагенттер қолданылып, басуға қажетті минералдар беттерінің сулануы арттырыладыаз. тілі термин. Педагогика.).

Басу нәтижесінде олардың ауа көпіршіктеріне жабысуы тоқталадыаз. тілі термин. Педагогика.).

Қазақта кәдімгі шайды «тоқ адамның тоқтығын, аш адамның аштығын басу үшін шығарылған дәм» дейді.Сұбханбердин, Дәрі - дауа.).

Түрлі ісікті басуға, қан тоқтатуға және жүйке тамыры ауруын емдеуге, ұйқыны келтіруге осы Түркістан желімбасағы пайдаланылады.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.).

6. Штапты, газет-журналды баспадан шығару. Мұхтар романын талқылауды таң ата бітірдік. Алғысөз жазып, басуға ұйғардық (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).

7. а у ы с. Тоқтату, өршітпеу . Шатақты басу үшін Төлен қалтасынан үш сом алып ұсынды.Жұмаханов, Махаббат.).