lat: BASÝ
басу айтты .
1. Тоқтау айтты, желiктiрмедi, ақылға шақырды.
Ері ашу айтса, әйелі басу айтып отырса, бұрынғыдай жау бола ма (Абай, Тол. жин.).
Жел көңіл Жәмпейіс, әлі де «отряд боп бару керек» деп қыздырғанмен ауылдың тоқтаулы адамдары басу айтты (С.Мұқанов, Есею. жыл.).
2. э т н. Жақын адамы қайтыс болып, жылап, жоқтап отырған адамға тоқтау сөз, көңіл айтты. Қайғылы серіге ешкім басу айтқан жоқ (С.Жүнісов, Ақан сері).
3. Ұзатылып, өзге жұртқа, алыс елге аттанып бара жатқан, сыңсу айтқан қызы мен артында жылап отырған ата-анасына термелеп тоқтау сөз айтты. Көшен ақын бөтен ауыл, жат босағаға аттанып бара жатқан қалыңдық пен артында жылап қалған ата-анасына термелеп басу айтады, сол арада Балпан ауылының адамдары ақын жігіттің қанжығасына екі өркеші баладай буаз ақ інгенді бұйдасынан байлайды (Ә.Кекілбаев, Дала.).