lat: BAS
1. Жел ұшырып кетпес үшін жеңіл нәрселердің үстін ағаш, темір сияқты салмақты нәрселермен басып қою.
Кеше әкелген сабан әлі кіргізілмепті, үстін басып қойыңдар, жел тұрса ұшырып, шашылады (Ауызекі).
2. Бір нәрсенің үстіне күш түсіріп жаншу, таптау, мыжу. «Бір күні құлап кетіп, балаларды басып қала ма» деп үрейленіп, жаңа үй салуды арман ететін (А.Лекеров, Түз гүлі).
3. Бір нәрсені ұстап, жібермеу. Мына қара қаншық қоянды қашырады да, енді не қыласың деп қарап тұрады. Нысанаң жақын болса атасың да, алыс болса «бас» деп нұсқайсың (С.Бақбергенов, Қарға там.).
Асыл бір аяғымен бураның желкесінен басып тұрып жазағашқа байланған айылқұрдың бірін шешіп, алдыңғы екі аяғын мықтап тіздеп тастады (С.Балғабаев, Шөл.). Жем б а с қ а н жерінде қойқаңдап біраз отырып, ителгі көтеріліп ұшып аспанға шықты (С.Бегалин, Таңд. шығ.).
4. Жапсыру, жапсырып шығару. Суретіңізді сұрайды. Кітапқа басатын көрінеді (Ғ.Мұстафин, Шығанақ).
5. Жүкті, әртүрлі заттарды көлікке тиеу. Бірімен бірі уәделесіп қойғандай (ауқаттылар) күн сайын екі- үшеуі қалаға сабасын арта,тоқтысын баса келеді (С.Мұқанов, Мөлдір махабб.).
«Қасымда адам бар ма?», - деп, Төңірекке қарады, Арбаға басқан пішендей, Тұлпарға артып барады ( Қамбар батыр).
6. а) Түгелдей жабу, көбею, молаю, қаптау. Қу шөптің орнын қазіргі күнде аласа бетеге, жасыл тарлау, шашыраған жас көде, шашақталган жас сасыр басқан(М.Әуезов, Қараш.).
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан? (Абай, Шығ. жин.).
Ауа райы күрт бұзылып, аспанды сірескен қара бұлт басып кетті, азынап жел тұрды (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек).
е) Көп болып келу, басып алу.
Қалың олжай құрып кетті деп тұрмысың! Селдей басармын - дейді Қыдыш Тәнекеге (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Сыбаға әкелген қадірлес абысын-ажын, бәйбіше-келін Ұлжан ауылын басып жатқан болу керек (М.Әуезов, Абай).
7. Киіз басу.
Шетінен сегіз қанатты, ақ жүннен басып, күйген сүйектің күлімен бояған үзік-туырлықты, сүйегі шомбал, қыпшақ иінді киіз үйлер Жанботаның басшылығын да, атағын да алыстан айбарақтай танытқандай (С.Сматаев, Алгашқы.).
8. ж а ғ ы м с ы з. Бір нәрсеге салыну, жолына түсу.
Жігері құм болған бай пәлеқорлыққаа басып сондағы елді Сәкендерге қарсы айдап салды («Қаз. әдеб.»).
9. Салмағы артық болу.
Жел сөзді ақылың болса, айтпа тасып,
Жұрт көрер таразыны кетсең б а с ы п,
Бір ауыз сөзге «талақ боласың» деп,
Жөніңнен барасың сен неге адасып (Айтыс).
10. Күйдіру, қару, белгі немесе таңба салу.
Мырза малына ен салмайды, таңба басады (Ғ.Мұстафин, Дауыл.).
- Білмеді ғой сый-құрметті, жүрмеді ғой қолқа сірә, - деді де ол бұйрық етті;
-Бас - деп, жұлдыз арқасына (С.Мәуленов, Тартыс).
11. Азайтыңқырау, бәсеңдету, төмендету. Шамды сөндірмей сығырайтып, білтесін басып қойды, кеш жатқан жұрт жастыққа басы тиер-тиместе қор ете қалды (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).
12. Отырған орнынан табу, үстінен түсу. Жиналыста отырған жерінде басыпты, өздері қалжау көрінеді, ұзай қоймаған шығар (Ғ.Мұстафин, Көз көрген).
13. Дәнді дақылды қауызынан, сабағынан бөлу, дәнін ажырату; бастыру.
Енді жеті- сегіз күнде жинап,басып , мемлекетке де өткізіп үлгіруші еді. Әттеген-ай, мына жауын!.. (З.Шашкин, Өмір.).
Жас күнімде көрдім егін шашқанды,
Каток жегіп атпен егін б а с қ а н д ы (Пернедегі терме.).
14. Күшпен жеңіп, бағындыру. Менің бел байлаған тәуекелім - жауды абайсызда оған сездірмей басып алу (Б.Момышұлы, Жауынгер.).
Көптеген қалаларда басталған көтерілісті үкімет әскери күшпен басты («Лен. жас»).
15. а у ы с. Бір нәрсенің күшін, уытын қайтару, бәсеңдету.
Аскофен күніне екі-үш рет бір таблеткадан ішіледі, бұл дәрі дене қызуын басады (Е.Оразақов, Дәрігер.).
Осы қымыз қазаққа, Мақтаның ба, асың ба? Қымызды басар артынан, Ет даяр ма қасыңда? (Абай, Шығ. жин.).
16. а у ы с. Тоқтату, бәсеңдету, өршітпеу.
Өмірде ойға түсіп кем- кетігің,
Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің.
Сонда сенің отыңды басатұғын,
Осы өлең оқитын дұғам менің (Абай, Шығ. жин.).
Зылиха бір майлы жамбас әкеп қойды да, екеуің де бүгін ашулы екенсің, ашуларыңды бас, - деп күлімсіреді (Ғ.Мұстафин, Миллионер).
17. Мылтықтың шүріппесін немесе басқа да заттардың басқыштарын қолмен, аяқпен қозғалысқа түсіру.
Жирен орыс беліндегі алтатарын алып, құлағын қайырып, бірдемесінбасып, бұрап шыртылдатып, айналдыра бастағанда Ақбілек өзімді атып тастар ма екен деп жүрегі сескенейін деді (Ж.Аймауытов, Шығ.).
Осы кезде Костоев гүріс-гүріс еткізіп, жебей-жебей екі дүркін шүріппені басты (Қоғамдық тәртіп.).