сойылған малдың үйітіліп, пісірілген ең кәделі мүшесі. Яғни бас – қадірлі қонаққа тартылатын ең сыйлы кәделі сыбаға. Ірі қараның, түйенің, сиырдың басы түгел асылғанымен, сыйлы қонаққа тек шекесі ғана тартылады. Қазақ дәстүрінде қой, ешкі бастарының мүшелерін: құлақ, таңдай, шеке, көз, құйқасын үлестіру салты бар.