БАШМАҚ

lat: BASHMAQ

з а т. Үй ішінде киетін өкшесіз жеңіл, жұмсақ аяқкиім

. Басында жіңішке жиек ақ пике панамы, аяғында еркек өкшелеу ақ брезент башмақ, үстінде ақ кенеп пәлте, бойына киімі құйып қойғандай, ақ құба, қара көз әйел палубаның шарбағына сүйеніп, пристаньдағы жыбырлған жұртқа көз салып тұр еді (Ж.Аймауытов, Шығ.).

[Жұмамешітте] түйе терісінен тігілген тағы сол Мұхаммедтің башмағы да бар (М. Әуезов, Индия очерк.).

Әбдірасыл төсектің қасындағы орындыққа асулы тұрған халатын киіп, аяғына іші түкті, жұмсақ башмағын ілді (К.Жұмаділов, Саржайлау).