БАСКЕТБОЛ

lat: BASKETBOL

[ағыл. basket - тор жене ball - доп] з а т. с п о р т.

Үш метр биіктікте орналасқан шеңберлі ұяга допты қолмен лақтырып түсіретін командалық спорт ойыны. Баскетбол ойынының ережесін 1891 жылы америкалық Джеймс Нейсмит жасаған, кейіннен басқа елдерге кең тараған (ҚҰЭ).

Баскетбол ауданы 26х14м, арнайы жабдықталған, секторларға бөлінген алаңда өтеді.  Баскетбол ойын добының шеңбері 75-80 см, салмағы 600­650 г. болады (ҚҰЭ).

Әркім өз организмінің мүмкіндігіне қарай волейбол, баскетбол т.б. спорт ойындарымен шұғылдануға әбден болады (М.Қайрақбаев, Ескерм. ауру.).