БАСПАХАНА

lat: BASPAHANA

з а т. Штап, газет, журналдар т.б. сияқты баспа өнімдерін басып шығаратын өнеркәсіптік орын.


Баспахана және шықты кітап басатұғын,

Халыққа һүнер, мағариф шашатұғын (М.Дулатов, Шығ.).

Қазақша баспахана орнатып, газет шығармақшы болдық (С.Сейфуллин, Шыр.).

М.Сералин Қазанға барып қазақша әріптер алып келді. Қостанайда баспахана ұйымдастырылды (Б.Кенжебаев, Қаз. дем. жазушы.).