lat: BASPASÓZ
з а т. 1. Газет, журнал және т.б. әр кезең сайын шығып тұратын бұқаралық мерзiмдi басылым, жиынтығы.
«Айқап» журналы биылғы 14 нөмірінде «Өтініш» деп жазылған бас мақаласында: «.Баспасөз жұрттың тілін сақтауға Һәм түзетуге қызмет етеді, ...мынан былай журналымызға әдеби мақалалар кіргізу талабымызда бар. Қазір орысша жазылған «Манап» драмасының тәржімасын баса бастаймыз» деген еді (М.Дулатов, Шығ.).
Әрбір азаматтың ой-пікірі тегеурінді парламент, еркін баспасөз, көппартиялы жүйе, үкіметтік емес ұйымдар арқылы жұртшылыққа жететіндей жағдай жасалып отыр («Егемен Қазақстан»).
2. Баспа өнімдерінің жалпы атауы.
Қай жұрттың баспасөз күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі екендігі көрінеді, яки қай жұрт өнерлі болса, оның шәксіз баспасөз күшті болатындығы айдай анық, бұған еш нәрсе білмейтін надандар, соқырлар болмаса, көзі ашық, көңілі тетіктер көптен иман келтіреді (М.Дулатов, Шығ.). Осы күш жұмысты мықтап, негізді қылып істейтін заман туды. Халық ағарту жұмысы алға қойылды. Баспасөз надандықпен күреске салынды. Жайымыз бұлай болған соң, баспасөзді елге жақындату, түсінікті қылу үшін мәдениет жолындағы ауыр жұмыстың бірі болып шығып тұр (Х.Досмұхамедұлы, Таңд. шығ.).
Баспасөздің 10 жылдық мерекесін біз де құттықтап, жылдан жылға ұлғайып, ілгері басуын һәм ұлтшылдық жолында тізелес қызмет етуін тілейміз («Қазақ»).
Тіліміздегі кәсіби сөздердің бәрі бірдей термин ретінде қалыптаса бермейді. Олардың ішінде баспасөз арқылы әдеби тілге еніп, ғылыми ұғымдарды дәлме-дәл білдіру талабына сай келгендерi ғана термин бола алады (Қ.Айтазин, Кәсіби лексика).
3. а у ы с. Қ андай да бір жеке мерзiмдi басылым. Олардың шығармалары аудандық, облыстық газеттерде, республикалық баспасөзде жарияланып жатыр (Т.Нұртазин, Ауыл.).